Алматы әкімі өзекті мәселелерді шешуге өтініш білдірген азаматтармен жеке қабылдау өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бизнес өкілдері әлеуметтік саладағы бюджеттік үрдістерді цифрландыру және оңтайландыру, қаланың туристік тартымдылығы үшін ұлттық жобаларды, электрокөлікті, оның ішінде Алматыдағы электротакси қызметін дамыту бойынша ұсыныстар айтты.
Стратегия және бюджет, Цифрландыру, Жасыл экономика сынды бейінді басқармаларға көтерілген мәселелерді зерделеу және қолдау көрсету тапсырылды.
Білім басқармасына М. Тілеубаеваның ерекше балалар үшін арнайы түзету топтары бар мектепке дейінгі жаңа мекемелерді ашатын үй-жайларды анықтау, З. Касаинованың церебралды сал ауруына шалдыққан балаларды емдеу үшін ҚР патенттелген әдістемені кеңінен тарату жөніндегі ұсыныстарын зерделеу және қолдау көрсету тапсырылды.
Мәдениет басқармасының басшысына К. Абдухалимовтың Р. Бағланованың 100 жылдығына арналған іс-шаралар өткізу, ескерткіш орнату және халық әншісінің мұражайын құру туралы ұсыныстарын қолдау тапсырылды.