Алматыда төтеншеліктер әр апта сайын зейнеткерлерге көмек көрсетеді

Almaty.tv
Almaty.tv
Мақсат – жеке секторда тұратын қариялардың аумағын арам-шөптен тазалау
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда төтеншеліктер әр апта сайын еріктілерді жұмылдырып, жалғыз басты зейнеткерлерге қамқорлық танытуды қолға алып жатыр. Мақсат – жеке секторда тұратын қариялардың аумағын арам-шөптен тазалау, деп хабарлайды Almaty.tv

Жаздың қайнаған ыстығында, қураған шөптің әп-сетте тұтанатыны белгілі. Өрттің алдын алу үшін, төтеншеліктер ескертумен шектелмей, игі бастама қозғап, бүгін Наурызбай ауданында тұратын 63 жастағы әжейдің үйінде сенбілік ұйымдастырды. 

«Бүгін бір қуанышты күн болды. Рақмет бәріне. Мен мұндай еріктілер бар екенін білмеппін. Енді хабарласатын боламын. Әсіресе, қыстыгүні», – деді зейнеткер Нұрбала Иманқұлова.

«Осындай көмек керек болса аудан әкімдігіне немесе бізге жастар ресурстық орталығына келіп, көмек сұрасаңыздар болады. Біз әрдайым көмек қолын созуға дайынбыз», – деді ерікті Бауыржан Махамбет.

Одан бөлек мамандар жергілікті тұрғындарға өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында үнпарақ таратып, түсіндіру жұмыстарын да жүргізді.

«Осындай іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрады. Мақсатымыз мүмкіндігі шектеулі жандарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға және түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз», – деді Наурызбай аудандық ТЖ басқармасының аға инженері Абай Қашым.

Новости партнеров