Алматы әкімі Президентке қаладағы эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтанғаны туралы баяндады

28.07.2020 23:34

Қала әкімі коронавирус жұқтырғандардың азайғанын, ал сауығып шыққандардың саны артқанын мәлімдеді

Алматы әкімі Президентке қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтағанын жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгін шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев телефон арқылы байланысқа шығып, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа COVID-19-бен күрес жәйін баяндады. Қала әкімі коронавирус жұқтырғандардың азайғанын, ал сауығып шыққандардың саны артқанын мәлімдеді. Қосымша төсек орындары дайындалып, дәрілердің қоры жасақталды. Сондай-ақ, ПТР тест жасайтын зертханалардың қуаттылығы артқанын жеткізді. Ал президент жағдайды қатаң бақылауда ұстап, халыққа карантиндік талаптарды сақтаудың маңыздылығын түсіндіруді жалғастыруды тапсырды.