Түрксіб ауданындағы су қоймаларын тазалау жұмысы қалай жүріп жатыр
Ауданда Бас Қарасу, Сұлтан Қарасу, Кіші Алматы, Жарбұлақ, Есентай және Мойка өзендерінің арнасы бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ауданда су қоймаларын тазалау жұмысы басталып кетті. Бұл туралы аудан әкімі Бақытжан Ақжаров өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Байқау қорытындысы бойынша аудан аумағында орналасқан өзен арналарының бойында күнделікті жұмыстарды жүргізетін мердігер ұйым таңдалды", - деп жазады Бақытжан Ақжаров.
Еске салайық, бізде Бас Қарасу, Сұлтан Қарасу, Кіші Алматы, Жарбұлақ, Есентай және Мойка өзендерінің арнасы бар.
"Бір айта кетерлігі, жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, су қоймаларынан күнделікті тұрмыстық қалдықтар шығарылуда. Біз тұрғындарды табиғатқа мұқият қарауға және мүмкіндігінше су айдындарын ластау фактілеріне жол бермеуге шақырамыз", - деді аудан әкімі.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.10.2026 13:27
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
18.10.2026 11:40
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
19.10.2026 08:10
Апельсин шырынының ағзаға пайдасы қандай
18.10.2026 16:06