|
27.04.2022 | 21:05
3873

Ресей Болгария мен Польшаға газ жеткізуді тоқтатты

Энтони Блинкен Ресей келіссөзді жалғастыратынына сенімсіздік танытып, Украинаны қолдай беретінін жеткізді

Ресей Болгария мен Польшаға газ жеткізуді тоқтатты

Ресей бүгіннен бастап Еуропаға газ жеткізуін тоқтатты. Алғашқы тізімге көгілдір отынды рубльмен сатып алудан бас тарқтан Болгария мен Польша мемлекеті ілінді. Бұл туралы «Газпром» компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


Ал Ресей Президенті Владимир Путин БҰҰ-ның Бас хатшысымен кездесіп, «Азовсталь» зауытындағы халықты эвакуациялауға қарсы емес екенін жеткізді.

Кеше түнде Украина аумағындағы Донбассқа тағы шабуыл жасалды. Салдарынан бірнеше ауыл мен инфрақұрылым талқандалды. Ал Ресей тек әскери нысандарды көздегенін алға тартты. Одан бөлек кеше Молдованың жікшіл аймағы Приднестровьеге де соққы жасалды. Жергілікті билік бұл әрекетке Украинаның қатысы болуы мүмкін деп отыр. Бірақ Владимир Зеленский бұл айыптаумен келіспеді.

«Біз бұл қадамды нақты Ресейдің жасағанын түсінеміз. Мәселе жалған ақпаратта емес. Ол аумақта арнайы жасақ жұмыс істеді. Мұның себебі түсінікті. Ресей Молдованың Украинаны қолдағанын қаламайды. Сондықтан оларды қорқытып, салдары болатынын ескертті. Ресейдің көздегені – жағдайды ушықтыру», – деді  Украина президенті Владимир Зеленский.

Ал кеше Ресей Президенті БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерришпен жүздескен еді. Кездесу нәтижесінде Влдаимир Путин Мариупольдегі «Азовсталь» зауытынан халықты эвакуациялауға қарсы емес екенін білдірді.  

«Келіссөздер жүріп жатыр. Олар қазір онлайн форматта өтуде. Бұл бізді қандай да бір оң нәтижеге әкеледі деп үміттенемін», – деді Ресей федерациясының президенті Владимир Путин.

Алайда Батыс елдері бұл мәлімдеме шындыққа жанаспауы мүмкін деп отыр. АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Ресей келіссөзді жалғастыратынына сенімсіздік танытып, Украинаны қолдай беретінін жеткізді.

«Біздің мақсатымыз – Украинаның Ресейге қарсы тұра алатына көз жеткізу. Бұл мақсатта Америка Киевке қаржылық қолдауды арттыруды және қару-жарақ жеткізуді жалғастырады», – деді АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен.

Ал Ресей бүгіннен бастап Болгария мен Польшаға газ жеткізуді тоқтатты. Өйткені бұл елдер көгілдір отынды рубльмен сатып алуға келіспеген еді. Енді екі тарап «Газпром» компаниясының мәлімдемесі келісімшартты бұзды деп санап отыр.

Аяулым Көлжігіт, Мақсат Күнібек, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир