Аудан әкімдіктерінде жұмысты бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды
«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, Алматы қаласында бүгін ауа температурасы -6… -8°C-ға дейін төмендейді, шамамен сағат 04.00-ден түске дейін қалыңдығы 4 см-ге дейін аздаған қар жауады. Жолдар мен тротуарларға мұз қатып, көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.
20 қаңтарда күндіз көшпелі бұлт шығып, солтүстік-шығыстан жылдамдығы 2-7 м/с жел соғады, ауа температурасы -3 -5°C болады.
Алматы қаласының коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Аудан әкімдіктерінде жұмысты бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
20 қаңтарда күндіз 412 арнайы техника мен 1120 жұмысшы жұмылдырылады. Түнде 436 арнайы техника және 219 жұмысшы тарту жоспарланды.
Қарды шығаруға 123 бірлік, оның ішінде 27 қар тиеуші, 75 өзі түсіргіш жүк көлігі, 11 трактор, 10 автогрейдер және 156 жұмысшы жұмылдырылады. Дислокация орындарында қар жауғанға дейін 146 құм таратқыш кезекшілікке шығады.
Қазір тротуарларды, жол шетіндегі жиектастардан қарды тазалау жұмыстары жалғасып жатыр. 2024 жылғы 19 қаңтар сағат 18:00 жағдай бойынша 19 750 м3 қар шығарылды, бұл өзі түсіргіш жүк көлігінің 1 975 рейсі деген сөз.
Естеріңізге сала кетейік, жолда, тротуарларда және қоғамдық орындарда қардың дұрыс тазаланбағанын көрсеңіздер , +7 (706) 689 8898 Whats App нөміріне хабарласуға болады.
Оқи отырыңыз: Алматы қаласы бойынша 22-28 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамы