Мұнда құқықтық, психологиялық кеңес беріледі
Алматының Наурызбай ауданындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған "Тең қоғам" орталығына бүгінде 231 азамат тіркелді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Мұнда оларға жұмысқа орналастырудан бастап, құқықтық, психологиялық кеңес беру, кәсіпке баулу, қажетті құралдармен қамтамасыз ету сынды көмек көрсетіледі. Жалпы, аудан азаматтарына әлеуметтік көмектің қандай түрлері көрсетіледі? Бұл сұраққа студия қонағы - Наурызбай ауданы әкімі аппаратының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас инспекторы Мақпал Гаухарбекова жауап берді.
Оқи отырыңыз:Алматыда жұмыссыздар қатары азайып келеді