|
13.09.2024 | 18:47
138

Алматыда Қапшағай көпіріндегі кіреберістер уақытша жабылады

Шектеу жөндеу жұмысына байланысты енгізіліп отыр

Алматыда Қапшағай көпіріндегі кіреберістер уақытша жабылады Алматы әкімдігі

Алматыда Қапшағай көпіріндегі кіреберістер мен шығаберістер жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қапшағай көпірінің бір бөлігіне орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

1-УЧАСКЕ: 13 қыркүйек сағат 23:00-ден 15 қыркүйек сағат 11:00-ге дейін батыс бағыттағы кіреберістер мен шығаберістер жабылады. Бұл аумақты Боралдай, Өрлеу және Жайсан көшелері арқылы айналып өтуге болады.

2-УЧАСКЕ: 14 қыркүйек сағат 23:00-ден 16 қыркүйек сағат 11:00-ге дейін батыс бағыттағы бұрылатын жолдар жабылады. Бұл аумақты Боралдай көшесі мен Солтүстік айналма жолы арқылы айналып өтуге болады.

Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен «Яндекс карталар» сервистерінде жазылған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир