АЭС арқылы электр қуатының жетіспеушілігін толығымен жоюға болады – сарапшылар

elements.envato.com
elements.envato.com
Студенттер мен ғалымдардың бірлескен жиыны өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгінде елімізде электр қуатының тапшылығы 2 миллиард киловатт-сағатқа дейін жетіп отыр. Соған қарамастан бұл көрсеткіш жыл сайын орта есеппен 3 пайызға артады екен. Сол себепті мамандар АЭС салынса, саладағы жетіспеушілікті толығымен жоюға болатынын айтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Осы мәселе төңірегінде және атом электр стансасының тиімділігі мен болашағы жайында бүгін студенттер мен ғалымдар бірлескен жиын өткізді. Қазақстан-Британ техникалық университетінде ұйымдастырылған басқосуда қазіргі реакторлардың қауіпсіздігі және әлемдегі тәжірибе де сөз болды.

«Мемлекет басшысы жолдауында өнеркәсіп саласындағы 17 ірі жобаны дамыту керек екенін айтты. Ол үшін электр қуаты қажет. Ал энергия қазірдің өзінде жетіспей жатыр. Шамамен 15 пайыз тапшылық сезіледі. 9 пайызды көршілес елдерден алып отырмыз», - деді ҚБТУ бизнес мектебінің ассистент-профессоры Қайыржан Әбдіхалықов.    

Сондай-ақ мамандар жасыл энергия стансаларын құру арқылы көмірқышқыл газының шығарындыларын 70 миллион тоннаға дейін азайтуға болатынын айтады. Осылайша жаһандық жылынуға қарсы тұру үшін әзірленген Париж келісімінің шарты да орындалмақ екен.  

«Бізге энергия тапшылығы сезілмеуі керек. Адам саны өсуде, халық саны өсуде, кәсіпорындар өсуде. Сондықтан тапшылық білінбес үшін электр энергиясы өте қажет болады», - деді Алатау аудандық «Ұстаз» кәсіподақ ұйымының төрағасы Қайрат Мұхамедиев.

Оқи отырыңыз: АЭС: радиоактивті қалдықтар мәселесі қалай шешіледі

Новости партнеров