|
04.07.2020 | 18:48
25919

Алматы қаласында енгізілетін қатаң шектеу шаралары кезінде жұмыстарын тоқтататын нысандар белгілі болды

Әуезов ауданының әкімдігінде эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, қандай нысандардың жұмысы жалғасатыны жайлы айтылды

Алматы қаласында енгізілетін қатаң шектеу шаралары кезінде жұмыстарын тоқтататын нысандар белгілі болды 2gis.kz/gallery

Әуезов ауданының әкімдігінде ағымдағы жылдың 5 шілдесінен бастап, 20 шілдеге дейін Алматы қаласында енгізілетін қатаң шектеу шаралары кезінде жұмыстарын тоқтататын нысандар жайлы айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы жылдың 5 шілдесінен бастап  Әуезов ауданында барлық сауда және ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлері, сауда орталықтары, базарлар, спорт залдары, сұлулық салондары, моншалар (сауналар), оларда короновирустық инфекцияның таралу деңгейі жоғары объектілердің жұмысы тоқтатылды, атап айтқанда:

5 сауда және ойын-сауық орталығы (Asia Park, Sputnik Mall, Almaty Mall, Grand Park, Moskva metropolitan және т.б.);

8 сауда орталығы (Люмир, Уш Сункар, Масато, City + және т.б.);

19 сауда үйі (Armada, Car City, Тигрохауд, АвтоСити, 12 месяцев  және т.б.);

2 азық-түлік емес базар (Ақсай - 3, Тигрохауд);

28 спорт кешені (D-fitness, FitnessBlitz, Invictus және т.б.);

272 сұлулық салоны (шаштараз);

42 монша (сауна).

Ағымдағы жылдың 5 шілдесінен бастап, 19 шілдесіне жоғарыда аталған барлық нысандар жұмыстарын тоқтатады.  Қызметі тоқтатылған барлық нысандарда санитарлық-профилактикалық және санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі.

4 базар (Арыстан, Сары - Арқа, Сырдария, Ақжол) өз қызметін жалғастырады. Ақсай жабық базарының қызметі тоқтатылды.

Супермаркеттер ( 17), дәріханалар (205 ) және тамақтану орындары (181) ашық аспан астындағы және ғимарат ішіндегі тамақтану орындары залдағы орын саны 30-дан аспаған жағдайда (ұжымдық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады) өз қызметтерін белгіленген тәртіп бойынша   күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимге сәйкес жалғастырады.

Сонымен бірге, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ойын-сауық объектілерінсіз, 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерімен қала тұрғындарының көпшілік демалатын орындарына баруға рұқсат етіледі, атап айтқанда:

- скверлер (ш.а.) 4 Сары-Арқа кинотеатрының артында және Алтынсарин даңғылының бойында Қабдолов көшесінен Жандосов көшесіне дейін);

- 8 ш. а. жаяу жүргінші аймағы. (Шаляпин к-сі, Абай даңғ.дейін);

- Family Park паркі;

- Сайран көл жағасының батыс бөлігі.

Хабарланғандай, аудан аумағында құрамына әкімдік қызметкерлері, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау аудандық басқармасы мен  жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері енген мобильді топтар карантин режимін және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзу фактілерін анықтау бойынша жұмыс істейді. Карантин режимін бұзу немесе оны сақтамау жағдайлары анықталған  болса, әкімшілік шаралар қабылданады.

Қазіргі уақытта мониторингтік топтар 997 нысанды тексерген, олардың арасында:

- 148 нысанның қызметі тоқтатылды  , оның ішінде 19 нысанға айыппұл салынды;

- 450 нысан бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді;

- 155 нысан барлық ескертулерді жойып, жұмысын қайта бастады

Әуезов ауданының  тұрғындарын халықты короновирус инфекциясынан қорғау үшін қабылданған қажетті шараларға барынша түсіністік танытып, әлеуметтік қашықтықты, маска режимін сақтауға, адамдарды шақыру арқылы өтетін іс-шаралар өткізбеуге және  байланыс жасауды  азайтуға шақырады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир