Стандарттау мен сертификаттау: 28 нысанда ереже бұзу фактісі анықталды

Бұл туралы қалалық техникалық реттеу және метрология комитеті басшысының орынбасары Қанат Керімқұлов хабарлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда тексерілген кәсіпкерлік нысандардың жартысынан астамы стандарттау мен сертификаттауға сәйкес келмейді. Бақылау кезінде 44 мекеменің 28-інде ереже бұзушылық фактісі анықталған, деп хабарлайды Almaty.tv

Олардың көпшілігі тауарды растау құжаттары мен сертификаттарды қате толтырған. Бұл туралы онлайн өткен брифингте қалалық техникалық реттеу және метрология комитеті басшысының орынбасары Қанат Керімқұлов хабарлады. Оның айтуынша, мұндай кемшіліктер жоспардан тыс тексеріс барысында анықталған.  

«Департаментке 521 хат келіп түсті. Оның 217-сі мемлекеттік органдардан, 216-сы мемлекеттік емес және 98-і жеке және заңды тұлғалардан келді. Ал бізге тұтынушылардың көпшілігі ақпараттың мемлекеттік тілде болмайтынын айтып шағымданады», – деді Қалалық техникалық реттеу және метрология комитеті басшысының орынбасары Қанат Керімқұлов.

Новости партнеров