Алматыда «Uyumdasu Participatory Budgeting» әлеуметтік жобасы талқыланды
Almaty.tv
Бүгінде қала тұрғындарын осы жобаға тарту мақсатында бірнеше тегін онлайн семинар мен тренингтер өткізілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда «Uyumdasu Participatory Budgeting» әлеуметтік жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жиынға қоғамдық кеңес мүшелері мен әкімдік және аталмыш жобаның өкілдері қатысып, «Бюджетке қатысу» бағдарламасын одан әрі дамыту тетіктерін пысықтады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгінде қала тұрғындарын осы жобаға тарту мақсатында бірнеше тегін онлайн семинар мен тренинг өткізіліпті.
«Біз жоба қатысушыларына арнап 7 тренинг өткіздік. Олардың арасында «Бюджетке қатысудың» қыр-сырын үйреніп, жобаны ұтқандары да болды. Бұл біздің жұмысымыздың нәтижесі деп білемін. Бұл қаланың дамуына серпін беретін жоба», – деді жоба үйлестірушісі Аида Әлжанова.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
16.10.2026 14:01
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
15.10.2026 08:14
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
16.10.2026 08:26
Алаяқтық қарыздың рәсімделуіне қалай жол бермеу керек
16.10.2026 12:35