Б. Сағынтаев «Вечерний Алматы» газетінің ұжымын 85 жылдық мерейтоймен құттықтады

Б. Сағынтаев «Вечерний Алматы» газетінің ұжымын 85 жылдық мерейтоймен құттықтады
Газет заманауи тенденцияларға белсенді ілесіп келе жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев «Вечерний Алматы» және «Алматы ақшамы» басылымдарының қызметкерлерімен кездесу барысында қалалық газеттердің даму жоспарларымен танысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Б. Сағынтаев «Вечерка» журналистерін құттықтай отырып, газеттің заманауи тенденцияларға белсенді ілесіп келе жатқанын атап өтті: жастары мен мүдделері әр түрлі аудиторияны тарта отырып, интернет-басылымның мүмкіндіктері дамуда. 

Газет беттерінде мегаполистің өміріне, ағымдағы міндеттер мен даму жоспарларына арналған материалдар жиі жарияланады. Қала әкімі басылым қызметкерлеріне сарқылмас шабыт пен жаңа шығармашылық табыстар тіледі.

Сонымен қатар, Б. Сағынтаев Alatau Aqparat холдингінде «Вечерний Алматымен» біріккен «Алматы ақшамы» газетінің ұжымымен де кездесті. 

Бүгінде басылымдардың жұмыстары модернизациялануда, сайттар дамуда, әлеуметтік желілерге қатысу артуда. Бұл кері байланысты күшейту үшін заманауи медиялық технологияларды пайдалануға және оқырмандардың өтінімдеріне жауап беретін сапалы контент даярлауға мүмкіндік беруде.

Новости партнеров