Жол жабыны жағдайын зерттеу қорытындыларына сәйкес орташа жөндеу жоспарына Байзақов көшесі енгізілген болатын. Тимирязев көшесінен Сәтбаев көшесіне дейінгі жөндеу жұмыстары аяқталып, көлік қозғалысы ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
9 қыркүйек сағ. 23:00-ден 10 қыркүйек 06:00-ге дейін жол жабынына орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Байзақов көшесінің Шевченко көшесінен Төле би көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толығымен жабылады.
Жабық учаскені Мұқанов көшесі, Шевченко көшесі, Әуезов көшесі, Төле би көшесі және іргелес көшелер арқылы айналып өтуге болады.
Жол-көлік оқиғаларын болдырмау және жол қозғалысын ұйымдастыру үшін жоғарыда аталған көше учаскесінде патрульдік полиция полкінің 2 экипажы жұмылдырылатын болады.
Жол жөндеу жұмыстары жайлы соңғы жаңалықтар қала әкімдігі мен қалалық мобилділік басқармасының ресми парақшаларында, Алматы жол телеграм арнасында, сонымен қатар 2ГИС және Яндекс карта қосымшаларында қолжетімді.
Жол жөндеу жұмыстары 2023 жылға жоспарланған жұмыстар аясында жүргізіліп отыр. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Бұл қала жолдары ұзағырақ пайдалануға қажетті шара. Маршрутты алдын ала жоспарлап алыңыздар.