|
09.09.2023 | 19:36
2003

Алматыда Шаляпин көшесінің бойында жөндеу жұмыстары жалғасуда

Жабық учаскені бірнеше көше арқылы айналып өтуге болады

Алматыда Шаляпин көшесінің бойында жөндеу жұмыстары жалғасуда ndk.kz

Жол жабыны жағдайын зерттеу қорытындыларына сәйкес биылғы жоспарға Шаляпин көшесінің Береговой көшесінен Әшімов көшесіне дейінгі ұзындығы 4 шақырым бөлігін қосу туралы шешім қабылданған болатын. Әшімов көшесінен Момышұлы көшесіне дейінгі жөндеу жұмыстары аяқталды және көлік қозғалысы толығымен ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

9 қыркүйек сағ. 23:00-ден 10 қыркүйек 06:00-ге дейін жол жабынына жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Шаляпин көшесінің бойымен Момышұлы көшесінен Яссауи көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толығымен жабылады.

Жабық учаскені Әшімов көшесі, Абай даңғылы, Яссауи көшесі, Момышұлы көшесі және іргелес көшелер арқылы айналып өтуге болады.

Жол-көлік оқиғаларын болдырмау және жол қозғалысын ұйымдастыру үшін жоғарыда аталған көше учаскесінде патрульдік полиция полкінің 2 экипажы жұмылдырылатын болады.

Жол жөндеу жұмыстары жайлы соңғы жаңалықтар қала әкімдігі мен қалалық мобилділік басқармасының ресми парақшаларында, Алматы жол телеграм арнасында, сонымен қатар 2ГИС және Яндекс карта қосымшаларында қолжетімді.

Жол жөндеу жұмыстары 2023 жылға жоспарланған жұмыстар аясында жүргізіліп отыр.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Бұл қала жолдары ұзағырақ пайдалануға қажетті шара.

Маршрутты алдын ала жоспарлап алыңыздар.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир