|
19.07.2024 | 19:01
261

Алматыда жылу жүйелерін сынақтан өткізу басталады

Сынақ 22 шілде мен 9 тамыз аралығында жүргізіледі

Алматыда жылу жүйелерін сынақтан өткізу басталады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда 22 шілдеден жылу жүйелерін үш апталық сынақтан өткізу басталады, деп хабарлайды Almaty.tv.

2024 жылдың 22 шілдесі мен 9 тамызы аралығында Алматы қаласының барлық аудандарында жылу желілерін жөндеуден кейін гидравликалық сынақтан өткізу жүргізіледі.

Бұл күндері күн сайын таңғы сағат 4.00-ден 7.00-ге дейін магистральдық және тарату құбырлары тексерілетін кезде, мегаполис тұрғындары мен қонақтарына аса сақ болып, қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береміз!

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына қарамастан, төтенше жағдайлардың орын алу ықтималдығын жоққа шығаруға болмайды: судың жер бетіне жетіп жайылуы, жол жабынының жартылай бұзылуы және т.б.

Мұндай жағдайларда өз бетіңізше ешқандай әрекет жасамаңыз, оқиға орнынан дереу кетіп, «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-не мына телефондар арқылы хабарласыңыз: 378-06-48, 378-06-62 (тікелей нөмір), call-орталығы: 341- 07 -00 немесе 341-07-77 (қосымша 1011 немесе 1014), сондай-ақ 109.

Төмендегі көшелер мен қала бөліктері аумағын қамтитын жылу желілерін сынау кестесі:

22 шілде

Алатау ауданы: Мөңке би – Момышұлы – Райымбек – Фариза Оңғарсынова.

22 шілдеден 9 тамызға дейін

Бостандық ауданы: Асқаров  - Мирас шағын ауданы - «Алматы»  шипажайы - Сайын - Әл-Фараби - «Қазақфильм» шағынауданы - Рысқұлбеков - Каблуков - Басенов - Өтепов - Розыбакиев - Жароков – «Алмагүл» шағынауданы - Ходжанов - ҚазҰУ - Тимирязев - М. Ганди – Назарбаев;

Лисянский – Розыбакиев – Жароков – Эксперименттік база – Ходжанов – Әл-Фараби – «Алмагүл» шағынауданы;

Орбита-1, 2, 3, 4 шағынаудандары – Сайын – Рысқұлбеков – Розыбакиев – Үлкен Алматы өзені – Өтепов – Жароков – Бәсенов;

Медеу ауданы: Тайманов – Чайкиной – Достық – Меңдіқұлов – Әл-Фараби – Жолдасбеков – Достық – Байжанов – Ішкі істер министрлігінің шипажайы.

23 шілде

Наурызбай ауданы: Райымбек – Жүнісов – Абай – Алтын Орда.

23 және 24 шілде

Әуезов және Алмалы аудандары: Рысқұлбеков  – Үлкен Алматы өзені – Сайын – Қуанышбаев;

Алмалы, Медеу және Жетісу аудандары: Бөгенбай батыр – Мұратбаев – Мақатаев – Сейфуллин – Тобаяқов – Назарбаев – Мәметова – Уәлиханов.

24 шілде

Алатау ауданы: Мөңке би – Момышұлы – Фариза Оңғарсынова – Зерделі шағынауданы.

24 және 25 шілде

Әуезов ауданы: Ұлықбек – Жандосов  – Сайын  – Сәдуақасов.

25 шілде

Алатау ауданы: Аққайнар кенті  – Мәмбетов  – БАК (Үлкен Алматы арнасы) оңтүстік жағы.

25 және 26 шілде

Жетісу, Алмалы және Медеу аудандары: Сейфуллин - Тобаяқов - Назарбаев - Уалиханов - Әйтеке би.

29 шілде

Алмалы және Жетісу аудандары: Райымбек – Бродский – Рысқұлов – Сейфуллин.

30 және 31 шілде

Алмалы, Жетісу және Медеу аудандары: Сейфуллин - Рысқұлов - Жангельдин - Райымбек - Куратов - Гоголь;

Әуезов, Наурызбай және Алмалы аудандары: Абай – Райымбек – Яссауи – Гайдар.

31 шілде

Алатау ауданы: Райымбек – Отырар – Рысқұлов – Н.Данченко;

Алмалы ауданы: Шокин  - Емцов - Қарасай батыр - Райымбек.

1 тамыз

Наурызбай ауданы: Жобаланылушы аймақ  – Айтбаев – Райымбек – Алтын Алаш.

1 және 2 тамыз

Әуезов, Наурызбай және Бостандық аудандары: Төле би – Сәтбаев – Әшімов – Ислам Каримов;

Алмалы және Бостандық аудандары: Әйтеке би – Панфилов – Сәтбаев –Масаншы;

Панфилов - Абай - Желтоқсан - Тимирязев - Есентай өзені - Гоголь.

2 тамыз

Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Мақатаев – Розыбакиев – Шәріпов.

5 тамыз

Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Тимирязев – Шағабутдинов – Розыбакиев.

5 және 6 тамыз

Алмалы және Бостандық аудандары: Әйтеке би – Панфилов – Шевченко – Желтоқсан – Сәтбаев – Байтұрсынов.

7 тамыз

Алмалы және Бостандық аудандары: Қабанбай батыр – Жандосов – Варламов – Айманов.

7 және 8 тамыз

Медеу, Алмалы және Бостандық аудандары: Гоголь – Курганская – Сәтбаев – Чайковский.

9 тамыз

Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Өтепов – Розыбакиев – Байзақов.

Осы аумақтар қамтитын қала бөліктерінде тұратын барлық тұтынушының ыстық сумен қамтамасыз етілуі толығымен жалғаса береді.

Қалалық жылу беру кешенін алдағы жылыту маусымына дайындау шеңберінде жылу желілерінің, олардың жабдықтарының жағдайын тексеру және құбыржолдарының проблемалық аймақтарын анықтау үшін аталған гидравликалық сынақтар жүргізілмекші.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұрайды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир