|
01.03.2022 | 19:01
1516

Алматылық тұрғын келіншегін перзентханаға жеткізген полицейге алғыс айтты

Тұңғышымен қауышқан тұрғын ақ халаттылар мен тәртіп сақшыларына ризашылығын білдірді

Алматылық тұрғын келіншегін перзентханаға жеткізген полицейге алғыс айтты Almaty.tv

Перзентханада тұңғышымен алғаш қауышқан алматылық Зекир Шерипов полиция қызметкерлеріне алғыс айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жұбайының толғағы басталып, кептелісте тұрып қалған азамат амалсыз полицейлерден көмек сұраған екен. Бірге жүріп отырып, перзентханаға бар-жоғы 20 минутта жетіпті. Ол болмағанда, жағдайдың қалай болары белгісіз еді дейді әке.

Зекир бұл күні ақ халаттылар мен тәртіп сақшыларына ризашылығын білдірді.

«2311 нөмірлі Hyundai ellantra көлігін тізгіндеген полиция қызметкеріне алғысымды айтамын! Аласұрып жүріп, тіпті атын да сұрамаппын. Толғатып жатқан келіншегіммен перзентханаға дейін бірге жүруді өтініп едім, еш ойланбастан келісті. Бүгін, міне, тұңғышыммен алғаш рет кездесіп, қуанышым қойныма сыймай тұр», - деді қала тұрғыны Зекир Шерипов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир