|
23.07.2020 | 19:07
4328

Дәріні қымбат сатқан кәсіпкерлерді дер кезінде жазалау керек, сонда тәртіп ойнайды – Қоғамдық кеңес мүшесі

Белсенділер үй маңындағы шағын дәріханаларды препаратпен қамтамасыз ету жайын да сөз қылды

Дәріні қымбат сатқан кәсіпкерлерді дер кезінде жазалау керек, сонда тәртіп ойнайды –  Қоғамдық кеңес мүшесі  Иллюстративное фото: УВП Акмолинской области

Алматыдағы фармацевтикалық нарықта алыпсатарлардың жолын тыюға тұрақты жүргізілген рейдтің көмегі тиді. Бүгін қалалық Қоғамдық кеңес мүшелері кезекті онлайн жиын өткізіп, бірқатар мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Белсенділер үй маңындағы шағын дәріханаларды препаратпен қамтамасыз ету жайын да сөз қылды. Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен қажетті дәрі-дәрмектің бағасын тұрақтындырудың маңыздылығын айтты. Айта кетейік, қоғамдық кеңес мүшелері дәрі-дәрмектерді сататын нысандарды мамандармен бірге үнемі тексеруге қатысады.

«Мен өз басым осындай қиын тұста дәрілердің бағасын аспандататып сататын дәріханаларды түсінбеймін. Препаратқа деген қажеттілік туғанын білген кәсіпкерлер осылай оңай олжа тапқылары келетін сияқты. Сондықтан оларды дер кезінде жазалау керек. Сонда ғана тәртіп орнайды», – деді  қалалық Қоғамдық кеңестің мүшесі Жанат Кәкімсейітова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир