|
04.05.2021 | 19:33
4804

Түрксіб ауданында 2 саябақ пен 9 сквер қайта жөнделді

Осы жылдың соңына дейін №32 ЖББМ гүл бағы мен «Сейфуллин» скверіне жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Түрксіб ауданында 2 саябақ пен 9 сквер қайта жөнделді Almaty-akshamy.kz

Түрксіб ауданында «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша қоғамдық кеңістікті абаттандыру бойынша 38 жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қалалық жоспарлау үрдістері, қалалық скверлер мен саябақтарға көңіл бөлу, сондай-ақ спорттық және балалар алаңдарын орнату туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров айтты. Ол «Бюджетке қатысу» жобасы аясында биыл 38 жоба іске асырылатынын хабарлады. Олардың ішінде спорттық, балалар ойын алаңдарын орнату, аумақтарды көгалдандыру, қоғамдық пайдалану орындарын жөндеу және жарықтандыру, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін тереңдетілген контейнерлік алаңдарды орнату бар. Бұл өзгерістер Түрксіб ауданының барлық аумағында қамтылады.

Сонымен қатар, ауданда ауданы 57,9 га болатын 2 саябақ пен 12 сквер бар, бүгінде олардың ішінде екі саябақ пен тоғыз сквер қайта жөндеуден өтті.

Осы жылдың соңына дейін №32 ЖББМ гүл бағы мен «Сейфуллин» скверіне жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

«Сондай-ақ, қала тұрғындарының бос уақытын өткізу үшін Алтай - 1 шағын ауданында ойын және спорт алаңдары, сыртқы жарықтандыру желілері, шағын сәулет нысандары, аумақты көгалдандырумен жаяу жүргіншілер аймағы абаттандырылады», – деп толықтырды Бақытжан Ақжаров.

Жасыл экономика басқармасы биыл әуежай сквері мен балалар шығармашылық үйін жөндеуді, сондай-ақ 2 «Тіксай-Жарбұлақ» саябағын және Маяк тоғайын абаттандыруды жоспарлап отыр.

Бақытжан Ахжаровтың пікірінше, бұл скверлер, саябақтар, балалар және спорт алаңдары Түрксіб ауданының отбасыларын, қарттар мен жастарды тарту орталығына айналады.

Бұған дейін 496 аула абаттандырылды. 2021 жылы Жас Қанат шағын ауданындағы тағы 30 аула жөнделеді.

Сонымен қатар, ауданды көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде, қазірдің өзінде 40 мың көшет отырғызылды, жыл соңына дейін тағы 36 мың жас ағаш отырғызу жоспарлануда. Қазіргі уақытта ауданы 5,5 мың шаршы метр болатын 15 учаскеде гүлзарлар отырғызылуда.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир