|
16.11.2023 | 19:24
3051

Алматы жастарына студент күнінде қандай жеңілдіктер ұсынылады

«Almaty Students Week» акциясы өтеді

Алматы жастарына студент күнінде қандай жеңілдіктер ұсынылады Сурет: elements.envato.com

Халықаралық студенттер күнін мерекелеуге арналған «Almaty Students Week» акциясы аясында Алматы қаласының әкімдігі қала кәсіпкерлерімен бірлесіп студенттерге жеңілдіктер жасау акциясын бастады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

17 қарашада  сағат 10.00-12.00 дейін «Медеу»  мұз айдыны қала студенттеріне коньки тебуге тегін кіруді қамтамасыз етеді. (студенттік билетті ұсыну қажет).

Сонымен қатар дүкен, дәмхана, мейрамхана мен кинотеатрлар жастарға жеңілдетілген баға ұсынады.

17 қарашада «SaparLa Travel» студенттерге 10% жеңілдік береді, «Нұрлы Саз» домбыра курсын 50% жеңілдікпен сатып алуға болады, «Kulshe qyz»  тәттілерді - 30% жеңілдікпен сатады.  «Отбасы Хрестоматиясы» кітабы  20% дейін төмендейді, «Tagam» асханасы мен  «Тамшы» кафесі - 15%, «Бауырдақ» qazaq fastfood – 30%, «KELIN» кафесі - 15%, Мемлекеттік орталық мұражайға кіру тегін, «Көк Төбеге» аспалы жол - 20%, студенттерге 50% жеңілдік Print Students баспа орталығын ұсынады.

Kinopark & Kinoplexx кинотеатрлар желісі, 17 қараша - жұма күні, таңертеңнен түнгі 24:00 дейін мегаполистің барлық студенттеріне арналған «Бесбармақ» қазақстандық жастар комедиясына 500 теңгелік билет ұсынады. Аукцион бағасы бойынша билетті студенттік билетті көрсеткен жағдайда келесі кинотеатрлардан сатып алуға болады:

1. Кинопарк Есентай 11, Әл-Фараби даңғылы, 77/8

2. Kinopark 5 Premium Forum, Сейфуллина көш., 617

3. Kinopark 4 Globus, Абай даңғылы, 109в

4. Кинопарк 5 Атакент, Тимирязева көш., 42

5. Кинопарк 8 Мәскеу, 8 шағын ауданы, 37/1

6. Киноплекс Сары-Арқа, Алтынсарина көш., 24а

7. Kinoplex Almaty Mall, Жандосова к-сі, 83

8. «Спутник» кинопаркі, Мамыр-1 шағынауданы, 8а

9. Достық Плаза кинотеатры, Самал-2 шағынауданы, 111

10. «Арман» кинотеатры, Достық даңғылы, 104

Сауда орталықтарында, студенттер күніне арналған түрлі жеңілдіктер ұсынылады. 

Оқи отырыңыз: Алматы облысы ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир