Шектеулер «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі
Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы бірқатар үй ыстық судан уақытша ажыратылады, деп хабарлайды Almaty.tv «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-на сілтеме жасап.
Түрксіб ауданының аумағында орналасқан бірқатар тұрғын үйге және өзге де ғимаратқа ыстық су беру шектеледі:
"23 мамырдан 27 мамырға дейін мына көше контурларында:
Лисаковская-Волочаевская-Береке-Айша-Бибі;
Таштитова-Хабаровская-Свердловская-Орджоникидзе.
- 30 мамырдан 27 маусымға дейін мына көше контурында:
Огарева-Қалмаржын-Ахметова-Закарпатская. Шектеулер «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", делінген хабарламада.