Жерасты өтпелі жолдары: мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдай жасалмақ

Фото: voxpopuli.kz/Олег Спивак, Ринна Ли
Фото: voxpopuli.kz/Олег Спивак, Ринна Ли
Алматыда 74 жерүсті және 56 жерасты өткелі бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жер асты өтпелі жолдар мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін эстетикалы әрі ыңғайлы болады, деп хабарлайды 

Алматы қаласының Наурызбай ауданында үш жерасты өтпелі жолдары, оның ішінде №7 қалалық клиникалық аурухананың жанындағы жерасты өтпелі жолы жөнделуде. Оның қабырғалары керамогранитпен безендірілуде. Наурызбай ауданының әкімі Назира Тоғызбаеваның айтуынша, ол қауіпсіз, төзімді және тез тазарады.

- Қазіргі жөндеу жұмыстары кем дегенде алдағы бес жылға эстетикалық көріністі сақтауға мүмкіндік береді. Жиі бояуды қажет етпейді және әдемі, заманауи көрінеді, - деп атап өтті Назира Тоғызбаева.

Бүгінде  Алматыда шамамен 74 жерүсті және 56 жерасты өткелі бар, олардың басым бөлігіне биыл ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

- Биыл біз материалдардың сапасы бойынша бірыңғай ұсыныстар әзірледік. Біз тек негізгі ұсыныстарды береміз, бірақ қаланың барлық жерінде жерасты көріністері әртүрлі болады. Жерасты өткелдерін жарықтандыруға келетін болсақ, біріншіден, адамдар оларды алыстан көруі керек, екіншіден, оларға кіргенде өзін қауіпсіз сезінуі тиіс. Сондықтан барлық жобада ЖБО-ға шығарылатын камералар қойылуда, яғни полиция бұл жағдайда заң бұзушыларды көріп, таба алады.

Сондай-ақ бізде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, балалары бар адамдар мен велосипедшілерге жерасты өткелдерін пайдаланудың ыңғайлылығы туралы мәселе жиі туындайды. №7 қалалық аурухананың жанындағы өткелде жоба бойынша бастапқыда ыңғайлы түсу, пандус бар екенін көруге болады.

Бірақ бұрын салынған кейбір жерасты өткелдерінде оны салудың техникалық мүмкіндігі жоқ. Әдетте көтергіштер немесе лифттер бар, әсіресе жерүсті өткелдерінде. Олардың жартысы, өкінішке қарай, жұмыс істемейді, бір жерде жабдық дұрыс емес. Олар бойынша да қазір жұмыс жүргізілуде, жыл соңына дейін барлық көтергіш пен лифтілерді жөндеуді жоспарлап отырмыз, - деп атап өтті Алматы әкімі аппаратының басшысы Бейбіт Шаханов.

Ол көптеген нысанды түрлі мердігер жөндейтінін және заң бойынша қызмет көрсетудің негізгі кепілдігі екі жыл екенін айтты. Алдағы уақытта өткелдерді дұрыс ұстауға және олардың жай-күйіне аудан әкімдіктері толық жауап беретін болады.

Новости партнеров