Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Мәжілістегі Nur Otan партиясы фракциясының депутаттарымен, сондай-ақ мегаполиске жұмыс сапарымен келген сенаторлармен кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv
Кездесу барысында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, медициналық, білім беру және әлеуметтік қызметтерді алу үшін тең жағдайларды қамтамасыз ету, сондай-ақ сумен жабдықтау желілерін, жолдар мен сыртқы жарықтандыруды салу мәселелері көтерілді.
Депутаттар айтқан барлық мәселелер бойынша түсініктемелер берілді және қалалықтардың өтініштерін шешу жөнінде, оның ішінде Алматы қаласы бойынша Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын Жол картасы аясында, сондай-ақ «Жаңа Алматы» кешенді даму жоспарын іске асыру туралы қабылданған шаралар ұсынылды.