Алматы қаласы бойынша 14 наурыздағы қар тазалау жұмыстары жөніндегі ақпарат

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Көктайғаққа қарсы 2350 тонна материал пайдаланылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласында 14 наурыз күні сағат 09.00-ден бастап қар жауа бастады. Сағат 18.30-дағы жағдай бойынша қалада 5-6 см, таулы аймақтарда 20 см-ге дейін қар жауды.

Көктайғақтың алдын алу үшін қар жауған кезден бастап жолдарға, қиылыстар мен жолайрықтардың кіреберістеріне, тау бөктері мен таулы аймақтарға көктайғаққа қарсы материал себіліп, қар тазаланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Көктайғаққа қарсы 2350 тонна материал пайдаланылды.

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ қалталарын, жер үсті өткелдерін және ортақ пайдаланылатын жерлерді тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Таңертеңгі қар тазалау жұмысына 552 арнайы техника бірлігі, оның ішінде 178 құмлақтырғыш пен 1134 жол жұмысшысы жұмылдырылған.

Түнгі уақытта 509 арнайы техника, оның ішінде 171 құмлақтырғыш, сондай-ақ 400-ге жуық жол жұмысшысы шығады деп жоспарланған.

Аудандық әкімдіктер мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын тәулік бойы бақылайтын кезекшілік ұйымдастырылған.

Қазгидрометтің болжамы бойынша, 17 наурызға дейін ауық-ауық жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтілуде.


Новости партнеров