|
19.10.2021 | 20:23
4422

Алматыда құтқарушылар аллеясы ашылды

Ресми ашылуға жергілікті басқарма өкілдері, ардагерлер мен төтеншеліктер қатысты

Алматыда құтқарушылар аллеясы ашылды Almaty.tv

Алматыда төтенше жағдай қызметкерлері күніне орай құтқарушылар аллеясы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Аумақта «Құтқарушы» шағын сәулеттік формасы орналасқан. Ресми ашылуға жергілікті басқарма өкілдері, ардагерлер мен төтеншеліктердің өздері қатысты. Бұл жерге аяқ басқан әр алматылық өзгенің амандығы үшін өз өмірін қиюға даяр құтқарушылардың ерен еңбегін есте сақтайды деген сенім мол.  

«Сәулеттік нысанның биіктігі 2,5 метр құрайды. Болат пен аллюминий қосындысынан жасалған. Айқын тігістері бар. Бұл – бейбіт күннің батырларының белгісі. Құтқарушыларға, өрт сөндірушілерге арналған нысан», – деді қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Гүлдана Нұрымбетова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир