2025 жылға қарай шағын қалалар мен ауылдарда 5 мың мектеп жаңартылады

Almaty.tv
Almaty.tv
Білім сапасы бойынша қала мен ауыл арасындағы алшақтықты азайту шаралары қолға алынбақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ел тарихында тұңғыш рет бірден 10 ұлттық жоба қабылданды. Олар қоғам мен мемлекет өмірінің барлық маңызды қырын, сондай-ақ, экономиканың басым салаларын қамтиды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Білім және ғылым министрі Асхат Ай­мағамбетовтің мәліметінше, «Білімді ұлт – сапалы білім беру» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін 1 мың жаңа мектеп тұрғызылады. Осылайша, елдегі үш ауысымды мектептер толығымен жойылмақ.

Жалпы, Ұлттық жоба 4 бағыт, 5 міндет, 15 көрсеткіш және 26 іс-шараға негізделіп отыр.  

«Бұрынғы мемлекеттік бағдарламалардан бұл ұлттық жобаның айырмашылығы – оған бәрі жауапты болады, оны бақылау қолға алынады. Осы жоба арқылы қаншама ресурстар, мүмкіндіктер беріліп отыр. Шынымен де, пандемия кезінде көп нәрсені түсініп қалдық. Сондықтан экономикамыз көтерілуі  үшін жан-жақты білім керек. Білім-ғылымды дамытуымыз керек», – деді ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанов.

Білім сапасы бойынша қала мен ауыл арасындағы алшақтықты азайту әрі республиканың білім деңгейін арттыру үшін кешенді шаралар қарастырылған. Сондай-ақ, «Цифрлық ұстаз» жобасы да іске асырылмақ. Ал 2025 жылға қарай шағын қалалар мен аудан орталық­тарында және ауылдарда 5 мың мектеп жаңартылады.

Айта кету керек, аталған жоба техникалық және кәсіп­тік салаларға да біраз өзгерістер әкеледі деп күтіліп отыр.  

Новости партнеров