|
14.09.2020 | 19:30
3605

Қазақстанда демалыс күндері фитнес орталықтары мен спорт залдарының жұмыс істеуіне рұқсат берілді

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министрдің орынбасары басқа да бірқатар тапсырма берді

Қазақстанда демалыс күндері фитнес орталықтары мен спорт залдарының жұмыс істеуіне рұқсат берілді ФОТО ДАНИЯРА МУСИРОВА


Қазақстанда демалыс күндері фитнес орталықтары мен спорт залдарының жұмыс істеуіне рұқсат берілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  ресми дереккөзге сілтеме жасап.   

14 қыркүйекте ҚР Премьер-министрінің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссияның отырысында санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру және жұмыс күндері келушілер ағынын азайту мақсатында демалыс күндері бірқатар нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат беру туралы шешім қабылданды: 


- сұлулық салондарына, шаштараздарға, косметикалық қызмет көрсететін объектілерге (infokazakhstan.kz порталында тіркелу, алдын ала жазылу бойынша 1 келушіге  4 ш. м.); 

- фитнес-орталықтарына, спорттық-сауықтыру орталықтарына, тренажер залдарына, спорт кешендеріне, СПА-салондарға, сауналарға, бассейндерге (infokazakhstan.kz порталында тіркелу, толымдылығы 30% аспайтын, бірақ 50 адамнан артық емес, алдын ала жазылу, маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтау); 

- діни нысандарға (жеке, ұжымдық іс-шаралар өткізбей).

 Мемлекеттік органдармен, «Атамекен» ҰКП және отандық тауар өндірушілермен талқылаудың қорытындысы бойынша бір рет қолданылатын медициналық маскалардың шекті бөлшек саудадағы бағасы 80 теңгеден 60 теңгеге дейін, яғни 25%-ға төмендетілді. 

Сондай-ақ үшінші тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындалғандарға 2020 жылдың 4 тоқсанында мемлекеттік инстанцияларға жүгінбей, оны автоматты түрде ұзарту туралы шешім қабылданды. Бұл шара мемлекеттік органдарда адамдардың жаппай жиналуын болдырмау арқылы азаматтардың коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупін азайтуға мүмкіндік береді. 

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министрдің орынбасары басқа да бірқатар тапсырма берді.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир