Әуезов ауданы әкімдігі үйдің қасбетінің құлауына қатысты пікір білдірді

inform.kz
inform.kz
Құрылыс компаниясы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін қаржылық көмек көрсетеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биылғы жылдың 14 мамырында сағат 13:30 шамасында қатты желдің салдарынан Әуезов ауданындағы 1 шағынаудандағы үйдің қасбеті жартылай құлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімдігіне сілтеме жасап.

Бұл үйді 2015 жылы Nest Stroy ЖШС пайдалануға берді. 5 жылға созылған кепілдік мерзімі аяқталған болатын.

Тұрғындар "Тұрғын үй" ЖШС арқылы үйдің қасбетін жаңғыртуға өтінім берді. 15 мамырдан бастап жобалау-сметалық құжаттаманы жасау жұмыстары басталады. Қазіргі уақытта Әуезов ауданының коммуналдық қызметтерінің күшімен аумақты жинау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

МИБ өкілдерімен және құрылыс салушымен (Nest Stroy ЖШС) түсіндіру жұмыстары барысында аталған компания қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін қаржылық көмек көрсетеді деген уағдаластыққа қол жеткізілді. Жұмыстарды үшінші тарап компаниясы жүргізеді және қысқа мерзімде жұмысқа кіріседі.

Айта кетейік, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың иесі кондоминиум нысанының ортақ мүлкіне ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізуді қосқанда, кондоминиум нысанының ортақ мүлкін күтіп-ұстау және оның қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

Новости партнеров