|
09.06.2021 | 19:37
3158

Алматының денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру КВИ-мен күресуге көмектеседі

Пандемия кезінде Телемедицина орталығы арқылы КВИ науқастарын бақылаудың толыққанды жүйесі іске асты

Алматының денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру КВИ-мен күресуге көмектеседі Almaty.tv

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы кезекті тікелей эфир барысында қаланың денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру және КВИ эпидемиясының таралуын болдырмауға бағытталған жобалар жөнінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Денсаулық сақтау саласын цифрландыру аясында бүкіл қала бойынша АМСК қадамдық қолжетімділігін анықтайтын жүйе құрылды. Жүйе учаскелік дәрігерлер науқастарын аралау кезінде өз пациенттеріне жете алмайтын аймақтарды анықтауға мүмкіндік берді. Осы ақпараттың негізінде салынатын жаңа емханалар мен ауруханалардың медициналық қызметтерінің қадамдық қашықтығы ескеріліп, жобаланады.

Пандемия кезінде жеке сектордың қатысуымен қала КВИ эпидемиясының таралуын болдырмауға бағытталған жаңа жобаларды жедел жүзеге асырды. Мысалы, ұялы байланыс операторларының деректері негізінде адамдар көп жиналатын орындардың сараптамасы жасалды, ауруханалардың 1С жүйесіне тікелей интеграцияланған дәрі-дәрмек қозғалысының мониторинг жүйесі енгізілді; медициналық құрылғылардың жұмыс мәртебесін анықтайтын жоба жүзеге асты.

Бұдан өзге, пандемия кезінде Телемедицина орталығы арқылы КВИ науқастарын бақылаудың толыққанды жүйесі іске асты. КВИ-мен ауырған қала тұрғындарының көпшілігі жұмыстың «дейін» және «кейін» кезеңіндегі айырмашылықтарды сезінді. Болашақта осы тәжірибені созылмалы аурулары бар қалалықтарды қолдау үшін пайдалану жоспарлануда.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир