Алматыда зиялы қауым өкілдері жыр алыбы Жамбылдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Алматыда зиялы қауым өкілдері жыр алыбы Жамбылдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Шаһарда ақынның құрметіне биыл 50 түрлі әдеби-мәдени шара ұйымдастыру жоспарланған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров бастаған бір топ зиялы қауым өкілдері Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Салтанатты шараға жазушылар одағының мүшесі Ақберен Елгезек, қоғам қайраткері Кенжехан Матыжанов, сондай-ақ, қоғамдық кеңестің мүшесі Рахман Алшанов қатысып, жыр алыбына  тағзым етті.  Шаһарда ақынның құрметіне биыл 50 түрлі әдеби-мәдени шара ұйымдастыру жоспарланған.

«Қарасаңыздар қандай сөз болды. Жүрекке жететіндей. Сөзді әркім айта береді ғой. Бірақ тура сондай сөзді айтып, сөз табу ұлы адамдардың ғана қолынан келеді»,– деді қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы Рахман Алшанов.

«Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп біз 50 шара дайындап отырмыз биылғы жылға жыр алыбына арналған. Оның ішінде 13 көрме жасалмақшы. Осының барлығын жазушылар одағы мәдениет министрлігімен және Алматы қаласы әкімдігімен біолесіп атқармақшымыз. Бұл - үлкен айтулы оқиға»,– деді Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ақберен Елгезек.

Новости партнеров