|
20.12.2022 | 19:00
2961

Алматыда бас шыршаның шамы жағылды

Мерекелік іс-шара Абай алаңында жалғасып жатыр

Алматыда бас шыршаның шамы жағылды Almaty.tv.

Алматының бас шыршасының шамы жағылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Абай алаңында сағат 19.00-де қаланың бас шыршасының шамы жағылды. Іс-шараға Жаңа жылдың ертегі кейіпкерлері – Аяз Ата мен Ақшақар қатысты.

Биіктігі 22 метр шыршаны жағу рәсімін «Сарын» тобының, «Alma Dance» мәнерлеп сырғанау студиясының, «Сармат», «Еркеназ» және «Сенім» вокалдық студиясының орындауында «Жаңа жылмен, Алматы!» вокалды-хореграфиялық қойылымы ашты. Биылғы жылы қаланың бас шыршасына 350 ойыншық және 10 мың мерекелік гирлянда ілінген.

Ресми рәсімнен кейін қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама өтті.  «Жігіттер» тобы, Әйгерім Қалаубаева, Данияр Өтеген, «Shamis» тобы, Мұхтар Ханзада, Ильхан Исханов, Ұланғасыр Қами, Kalifarniya, Мұхтар Ханзада сынды танымал әртістер жаңа жылдық әндер орындап, өнер көрсетті.

Эстрада жұлдыздарымен бірге, аниматорлар мен қуыршақтар және 2023 жылдың символы – қоянның бейнесі мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Қаланың бас шыршасымен бір мезгілде  әр аудан шыршасының шырағы да жанды. Алматылықтар мен қала қонақтары үшін қысқы фестиваль форматында тақырыптық жаңа жылдық іс-шаралар ұсынылады.

Фестиваль аясында 15 күн бойы қазақстандық өнім өндірушілердің сыйлық жәрмеңкелері өтеді, гастроаймақтар, шеберлік сыныптары, байқаулар, кешкі кино көрсетілімдері және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады.

Әр локацияның түрлі жас топтарына бағытталған өзіндік ерекше бағдарламалары болады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир