Алматыдағы Абай даңғылын ұзарту үшін бас-аяғы 194 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылады

Алматыдағы Абай даңғылын ұзарту үшін бас-аяғы 194 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылады
143 жер телімі 9,5 миллиард теңгеге сатып алынған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Абай даңғылын ұзарту үшін бас-аяғы 194 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылады. Ондағы 143 жер телімі 9,5 миллиард теңгеге сатып алынып, мемлекет меншігіне қайтарылған. Бұл туралы Алматы қалалық жер қатынастары басқармасы мәлімдеді. Жалпы қала бойынша биылғы жылдың 10 айында мемлекет мұқтажы үшін 6,5 миллиард теңгеге 58 жер учаскесі алыныпты. Бас жоспарды іске асыру мақсатында қалада жүргізіліп жатқан жұмыстар жайында  Almaty.tv тілшісі жалғастырады.

Биыл Абай даңғылын қаланың батысына дейін ұзарту үшін республикалық бюджеттен 1,5 миллиард теңге бөлініп, ол 100 пайыз игерілді. Ал қараша айында 16 учаскеге 1 миллиард 400 миллион теңге қаражат бөлу жоспарланған. 3 жер телімі сүру аймағынан алынып тасталды. Ондағы 143 жер учаске 9,5  миллиард теңгеге сатып алынып, мемлекет меншігіне қайтарылған.  

«Абай көшесін созу нысаны бар. Ол бойынша бізде 194 объект түседі. Ол дегеніміз 194 жер иелері бар. Оның ішінде бос жер учаскелері бар, үйі бар, құрылыстары бар нысаналы мақсатына сәйкес құрылымдар бар. Олардың қазір 143-і сатып алынды», – деді қалалық Жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Айбек Өсербаев.

Абай көшесін созу үшін мұнда қазіргі таңда 143 жер учаскесі сатып алынды. Ал 22 жер учаскесі сатып алуға дайын. Оның жартысы сотта қаралып алынса, қалғаны меншік иелерінің қалауымен келісіп алынған. Ал 10 жер учаскесіне қатысты қазір сот процесі жүріп жатыр.  

Қала әкімдігі мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін мәжбүрлеп иеліктен шығару, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген объектілерді салу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр дейді басқарма басшылығы. Алматыда осындай 954 жер учаскесі, демек 23 нысан бар. 2020 жылдың 10 айында 6 миллиард 766 миллион теңге сомасына 58 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылыпты.  

«Бізде 20-дан аса объект бар салынатын. Олардың 954 иелері бар. Оның ішінде 453 жер учаскесі қазір мемлекет тарапына алынды, ақшалары төленді. Қазіргі уақытта сотта қаралып жатқаны – 109, оның ішінде 309-ы соттың шешімі шығып немесе жер иелерінің біздің ұсынған бағамен келісімі бар», – деді қалалық Жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Айбек Өсербаев.

Айта кетейік, қалада мемлекет мұқтажы үшін алынған жер учаскелерінің қатарында Алатау ауданында салынған инфекциялық аурухана да бар.

Сая Меңдеке, Ғани Қалуов, «Алматы» арнасы

Новости партнеров