Алматылықтарды шафранның көптігі таңғалдырды

Almaty.tv
Almaty.tv
Олар тамаша көріністі әлеуметтік желіге салып, таратуда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылықтарды Есентай өзенінің бойында гүлдеген ерекше өсімдік – шафрандардың көптігі таңдандырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Есентай өзенінің жағалауы крокустардың гүлденуінің арқасында жаңа түстерге ие болды. 2023 жылдың күзінде 100 мыңнан астам көпжылдық гүл отырғызылды. Биыл көктемде ақ, көк және күлгін түсті крокустар гүлдеді.

Қала тұрғындары мен қонақтары оларды тамашалауға арнайы келуде. 


Халықтың нанымында бұл гүлдер қар астында да гүлдеп шығатындықтан, үміт пен қайта жанданудың символы саналады. Зағыпыран бәйшешекке ұқсас болғанымен, күлтесінің ұзындығына қарай ерекшеленеді. Бұл сұлулықты көру үшін тұрғындар жағажайға келіп жатыр. Олар бұл тамаша көріністі әлеуметтік желіге салып, таратуда.

– Гүлдер өте әдемі, отбасыммен осы жерге серуендеуге келдік, – деді қала тұрғыны.

Оқи отырыңыз: Алматыда қолданыстағы жол люктері ауыстырылады

Новости партнеров