Алматыда 214 мектеп, 190 балабақша, 128 аурухана және 8836 көппәтерлі тұрғын үй орталық жылыту жүйесіне қосылады
Алматының тұрғын үйлеріне жылу кезең-кезеңімен беріле бастады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Гидрометеорологиялық қызметтің болжамына сәйкес, түнде сыртқы ауа температурасының + 2 градусқа дейін төмендеп, жауын-шашын түседі.
Естеріңізге сала кетейік, мегаполисте 10 қазанда балабақшалар, мектептер мен ауруханаларға жылу біртіндеп беріліп, жылыту маусымы басталды. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев санаты бойынша нысандарды кезең-кезеңімен қосу үшін тиісті қаулыға қол қойды. Әлеуметтік нысандардан кейін алдағы демалыс күндері тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға жылу беріледі. Қазір жылу желілерінің айналымы (құбырларды жылыту) бойынша жұмыстар жүргізіліп отыр.
Алматыда барлығы 214 мектеп, 190 балабақша, 128 аурухана және 8836 көппәтерлі тұрғын үй орталық жылытуға қосылады.
Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының мәліметінше, қалалық желілер мен жылумен жабдықтау жүйелері 100% дайын. Осы жылдың жылуаралық кезеңінде Алматыда 17 км астам жылумен жабдықтау желісі, 120 км электрменғ 43 км сумен, 29 км газбен жабдықтау қайта жаңартылып, жөнделуде.
Айта кетейік, тұтынушыларды жылумен жабдықтау төмендегі ретпен жүзеге асырылады:
- балалар, емдеу, мектеп мекемелері, кәсіптік мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер:
- тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақүйлер;
- әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар және т.б.