|
14.08.2020 | 17:31
3374

Алматыда жалпы аумағы 146 шақырым болатын ескірген кабель желілері ауыстырылады

68-70 жылы салынған кабельдердің бәрі жаңартылады

Алматыда жалпы аумағы 146 шақырым болатын ескірген кабель желілері ауыстырылады Аlmaty.tv

«Алатау жарық компаниясы» қысқы маусымға қызу дайындық жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Биыл компания жалпы аумағы 146 шақырым болатын ескірген кабель желілерін ауыстыруды көздейді. Сондай-ақ, 8 тарату және 160 шақты трансформаторлық қосалқы станса қайта жөнделеді. Жұмыстар жылыту маусымына дейін толық аяқталады дейді мамандар. Айта кетейік, подстанса 50 жылдан астам уақыт қызмет еткендіктен, әбден ескірген. Енді онда заманауи, отандық құрылғылар орнатылды. Бұл әсіресе қыс кезінде апаттың болуын азайтады.

«Қазір біз тұрған жер 164 қосалқы станция, 110 киловольт. Бұл жерде біз 2 трансформатор ортанып, жаңадан 6 киловольттік кабельдерді 10 киловаттыққа ауыстырып жатырмыз. Ол 68-70 жылы салынған кабельдердің бәрін жаңартып жатырмыз. Құрылғылардың көбі автоматтандырылған. Өзінің сигналдарын диспетчерлік пунктқа компьютерден бірден көрінеді. Егер апатты жағдай болған кезде диспетчер оны бірден компьютерден көре алады», – деді «Алатау жарық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары, бас инженері Берік Сағындықов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир