Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметті қолдану тәртібін түсіндіру
Бүгін Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының ғимаратында Мемлекеттік қызмет департаментінің қолдауымен ашық есік күні өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шараның мақсаты – аппараттың бөлімдері көрсететін мемлекеттік қызметті қолдану тәртібін түсіндіру. Азаматтарды қабылдау нәтижесі бойынша 23 келушіге нұсқау берілген. Айта кетейік, Әуезов ауданынан бастау алған бұл үрдіс келесі бейсенбіде Алатау ауданында жалғасады.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет деп айтылып жатыр. Соған орай ұйымдастырылған іс-шара. Осы жерде халықтың сұрақтарына құлақ асып, ұсыныс, бағыт-бағдар беріп жатырмыз. Қолымыздан келгенше көмектесіп жатырмыз», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілі Мақсат Жаңбыршиев.