|
03.07.2024 | 19:49
219

Алматы полициясы жаңадан құрылған бірыңғай ақпараттық бейнебақылау платформасы туралы айтты

Жеке адамдарды анықтау мүмкіндігі жоғары технология адамның негізгі белгілерімен қатар көзілдірік, сақал, бетпердені анықтай алады

Алматы полициясы жаңадан құрылған бірыңғай ақпараттық бейнебақылау платформасы туралы айтты Almaty.tv

Алматыда ең қиын жағдайларда жеке адамдарды анықтау мүмкіндігі жоғары бейнебақылау жүйесі енгізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол іздеудегі адамдар мен көліктердің қозғалысын бақылап, қорғалатын аумаққа рұқсатсыз кіру деректерін тіркейді. Адамның жынысы, жасы сынды негізгі белгілерін, сондай-ақ әртүрлі аксессуарлардың болуын анықтау арқылы іздеу әрекеттерін жылдам ұйымдастыруға мүмкіндік береді.  

Жеке адамдарды анықтау мүмкіндігі жоғары технология адамның негізгі белгілерімен қатар көзілдірік, сақал, бетпердені анықтай алады. Жүйенің жедел жұмысы мен мобильді патрульдердің арқасында бұған дейін күдікті оқиға болған сәттен кейін небәрі 15 минутта ұсталған,- дейді мамандар. Сондықтан жыл соңына дейін бұл жүйеге 10 мыңға жуық қалалық бейнекамера қосылмақ. Сондай-ақ 6 мың камераға бейне талдау функцияларын іске қосу жоспарланып отыр. Қала тұрғындарының ойынша, алып шаһар үшін аталған платформаның маңызы зор.

Ал қалалық Полиция департаменті азаматтардың деректері жіті бақыланатын болады деп сендірді. Сондықтан, қауіпсіздікке алаңдауға еш негіз жоқ.

«Жүйе қалалық полиция департаменті ЖБО-мен біріктірілген, рұқсатсыз кіруден қорғалған және ақпараттық қауіпсіздіктің жоғары талаптарына жауап береді. Полиция департаментінің 160-қа жуық қызметкері осы жүйемен тікелей жұмыс орындарында жұмыс істеуге мүмкіндік алды», – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Еске салайық, былтыр күзет және өрт дабылдарын жаңғырту жобасы аясында қалалық білім беру нысандарында 21 мыңнан астам бейнекамера ауыстырылып, дабыл түймелері мен турникет орнатылған еді. Бастысы - бұл құрылғылар бірыңғай бейнебақылау жүйесімен біріктірілгендіктен, мегаполисті қауіпсіз қалаға айналдырудағы басты қадам.

Жансая Олжабек, Алишет Медет, «Алматы» телеарнасы

Оқи отырыңыз: Мәжіліс депутаты Жетісу тұрғындарының өтінішін бақылауға алды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир