Мәжіліс депутаты Жетісу тұрғындарының өтінішін бақылауға алды

Almaty.tv
Almaty.tv
Қабылдау барысында облыс азаматтары депутатты әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, коммуналдық шаруашылық, жол құрылысы сынды бірқатар мәселе туралы құлағдар етті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Парламент депутаттарының аймақтарға сапары жалғасып жатыр. Мәжілісмен Руслан Қожасбаев Жетісу облысына барып, АМАNАТ партиясының аймақтағы филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде  жергілікті тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қабылдау барысында облыс азаматтары депутатты әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, коммуналдық шаруашылық, жол құрылысы сынды бірқатар мәселе туралы құлағдар етті. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта құру жайы сөз болды.

«Жаңа үйлер салынып жатыр. Сыртында пандустары бар. Кіруге оңай болғанымен  нормативке сай емес», – деді «Асар» дене шынықтыру-сауықтыру орталығының басшысы Елдос Баялышбаев.

Руслан Қожасбаев бұл мәселені біржақты етуге бағытталған «Кедергісіз келешек» партиялық жобасына тоқталды. Біздің міндет – әрбір құрылыс компаниясы барлық техникалық стандартқа сай болуы үшін әзірлеушілерді қадағалау, - деді депутат.

Айта кетейік, Жетісу өңіріндегі АМАNАТ партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесіне жыл басынан бері 1500-ге жуық арыз-шағым түскен.

Оқи отырыңыз: Бұл аталған келелі кездесу диалог пен ынтымақтастық үшін тұғырнама болады – сарапшы

Новости партнеров