|
22.10.2021 | 19:49
1281

Алматыда «Жастар есірткіге қарсы» науқаны жүргізілді

«Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен өткен шараға қала белсенділері қатысты

Алматыда «Жастар есірткіге қарсы» науқаны жүргізілді Almaty.tv

Елімізде кеңінен тараған синтетикалық есірткіні саудалайтындардың саны азамай тұр. Мамандар «нашаның тұзағына көбіне жастар түседі» дейді. Осы орайда, бүгін «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Жастар есірткіге қарсы» науқаны жүргізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Әуезов ауданында өткен шара барысында қала белсенділері көше мәдениетін қалыпқа келтіруге де атсалысты.  

«Салауатты өмір салты жобасының аясында алматылық жас отандықтардың ұйымдастыруымен «Жастар есірткіге қарсы» акциясын жүргізудеміз. Жалпы, акция Алматы қаласы бойынша жүруде, міне, бүгін өз жалғасын Әуезов ауданында тапты. Акция мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және жастардың нашақорлыққа бармауына төтеп беру», – деді Әуезов аудандық «Jas Otan» ЖҚ төрағасы Бекембай Сахи.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир