|
20.07.2020 | 19:50
1014

Алматының Жетісу ауданында дәрі-дәрмекті қымбат сатқан дәріханалар анықталды

Жетісу ауданы бойынша 62 дәріхана бар

Алматының Жетісу ауданында дәрі-дәрмекті қымбат сатқан дәріханалар анықталды Аlmaty.tv

Алматының Жетісу ауданында парацетамол мен азитромицинді қымбат бағамен сатқан дәріхана иелері анықталған. Ауданда арнайы құрылған мониторингтік топ өкілдері дәріханаларды тексеріп, ондағы дәрілік препараттардың бар-жоғына және сатылып жатқан бағасына бақылау жүргізіп жатыр. Толығырақ Almaty.tv тілшісі Назкен Еркін жалғастырсын.

Бүгін Жетісу аудандық мониторингтік топ өкілдері ауданда орналасқан дәріханаларды аралады. Олар дәріханаларда сұранысқа ие 40-тан астам препараттың бар-жоғын және олардың қандай бағада сатылып жатқанын білу үшін осылайша алдын ала дайындалған жасырын сатушыны жібереді. Бұл дәріханада қажетті дәрілер бар әрі бағалары да шектен аспаған. Әйтсе де парацетамол, аспирин сынды препараттар келген күні бірден өтіп кететін көрінеді.

Ал келесі дәріханада барлық дәрілер бар деп айтуға болады. Мамандар халыққа нақты керек дәрмек болмай қалғанда ол преператқа балама дәрілерді ұсынамыз дейді.  

Жалпы Жетісу ауданы бойынша 62 дәріхана бар. Арнайы құрылған бақылау тобы күнделікті 15-20 дәріхананы аралайды. Осыған дейін заң бұзушылыққа жол берген екі деректі тіркепті.

«Нақты айтатын болсақ, мысалы Кемел ауданыда азитромицинге бағасы 1083 теңге болатын болса, дәріханада сол жерде сол дәріні 1900 теңгеге сата бастапты. Анықтап протокол жасалып, арнайы орынға жіберілді. Екіншісі барахолкада парацетамол 150 теңгеге сатылып жатыр екен. Оның жоғары бағасы 123 теңге болса, ол 150 теңгеге сатқан», – деді Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Бірбаев

Сондай-ақ, мамандардың сөзінше парацетамол сияқты қолжетімді дәрілер тез өтіп кетеді екен.

«Кейбір дәріханаларда сұраныс көп. Жаңағы парацетамол, азмитромицин олар тез өтеді. Сол себептен кейбіреулерінде жоқ болып қалады. Мысалы, күніне 250-300 дана парацетамол келсе, ол кешке дейін сатылып кетеді. Келесі күні ол дәрілердің орындары  басқа дәрілермен қамтамасыз етіледі», – деді Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Бірбаев.

Айта кетейік, дәрілердің шектік бағасынан асырып сатқан кәсіпкерлерге 70 айлық есептік көрсетікштен 1000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі сомада айыппұл салынады. Яғни, бұл 2,5 млн теңгеден көп.

Назкен Еркін, Қобылан Әлдибеков, «Алматы» арнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир