Алматыда тау бөктерінде құрылыс салуға тыйым салынады

Almaty.tv
Almaty.tv
Қалалық мәслихаттың 22-сессиясында жергілікті бюджетті нақтылау жұмыстары бекітілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін қалалық мәслихаттың 22-сессиясында жергілікті бюджетті нақтылау жұмыстары бекітілді. Енгізілген түзетулер ең алдымен қала тұрғындарының өтініші негізінде қаралып, әлеуметтік басымдықтарды жүзеге асыруға бағытталып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жиында Алматыдағы білім беру мен денсаулық сақтау, инфрақұрылым саласындағы қаражаттың бөлінуі қарастырылды. Аталғандардан бөлек, сессияда депутаттар қаладағы құрылыс регламентін іске асырудың жаңа жоспарын қабылдады.

«Халық санының өсуі мен оқушы орындарының тапшылығын ескере отырып, білім беру саласында қосымша 14,3 млрд. теңге қарастырылылып жатыр. Бұл қаражат Наурызбай, Түрксіб және Алатау аудандарында 7 500 орындық 5 мектеп салуға, сондай-ақ 19 білім беру объектісіне, оның ішінде 15 мектеп, 4 балабақша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге бағытталады», – деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.

Жыл басынан бері азаматтар тарапынан түрлі орталықтар арқылы 77 мыңнан астам өтініш түскен. Соның негізінде қаладағы негізгі мәселелер анықталып отыр. Мысалы, білім саласынан бөлек, денсаулық сақтау жүйесіне 6,5 млрд теңге бөлінбек. Ал тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығындағы қосымша қажеттілік 16,9 млрд теңгеге жетті. Бұл қатарға мемлекеттік бағдарламалар мен тұрғындарды су және жылумен жабдықтау жүйесі де енгізіліпті.

«Өткен апта бойы қалалық мәслихат 7 бірдей тұрақты комиссия, әрқайсысы 1 күннен қарап, ол жерде көңіліміз толмаса, тағы да өзгертулерге жібердік. Сонымен 1 апта айқай-шумен, қызу талқылау барысында осы бюджетті нақтылауды бүгін сессияда бекіттік», – деді қалалық мәслихат депутаты Нұрымбек Тау.



Новости партнеров