Думанды кеште қала күніне орай ұйымдастырылды
Бүгін Алматыда алғаш рет Medeu Weekend арт-фестивалі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қала күні қарсаңында ұйымдастырылған іс-шара шаһар тұрғындары мен қонақтарына арналып отыр. Думанды кеште келушілер назарына түрлі ойын-сауық бағдарламалар ұсынылды. Одан бөлек, жәрмеңкелер мен ашық аспан астындағы кинотеатр ұйымдастырылды.
«Эко-фестивальдің басты ерекшелігі – теңіз деңгейінен жоғары, Медеу мұзайдынында орналасқан. Өзіңіз көріп тұрған графити - горизонталді графити. Орта Азиядағы ең үлкен графити», – деді Medeu Weekend арт-фестивалінің ұйымдастырушысы Әлібек Есмұханов.