Қысқа мерзімде жағдайды бағалауды жүргізу және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына кірісу міндеті тұр
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев құрылыс компаниялары мен салалық бірлестіктердің басшыларымен кездесуде қираған ғимараттарды қалпына келтіру және қаланың әлеуметтік инфрақұрылымын одан әрі дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қала әкімі Б. Сағынтаев тәртіпсіздіктер барысында бұзылған әкімшілік және басқа да ғимараттарды қалпына келтіру қажеттігіне назар аударды. Қысқа мерзімде жағдайды бағалауды жүргізу және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына кірісу міндеті тұр.
Құрылыс саласы одағының төрағасы Ералы Сауранбаевтың айтуынша, компания басшылары қаланы қалпына келтіруге және Алматының келбетін жақсартуға белсенді қатысуға дайын. Бүгінде құрылыс компаниялары қызметкерлерінің қатысуымен қала әкімдігі ғимаратын тазалау жұмысы басталды.