Б. Сағынтаевтың отставкаға кетуі туралы таралған ақпарат шындыққа жанаспайды - әкімдік

14.01.2022 01:58

Әлеуметтік желілердегі Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың отставкаға кетуі туралы таралған ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Almaty.tv Алматы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“Әлеуметтік желілердегі Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың отставкаға кетуі туралы таралған ақпарат шындыққа жанаспайды.

Қала әкімі Б. Сағынтаев жұмыс орнында өз міндеттерін атқарып, Алматының тыныс-тіршілігін тезірек қалпына келтіру мәселелерін шешуде” делінген хабарламада.