|
09.07.2023 | 20:01
3478

Мегаполистің бірқатар шағынауданы суық судан уақытша ажыратылады

Су жабдықтау нысандарына жоспарлы жөндеу жұмыстарын орындаумен байланысты

Мегаполистің бірқатар шағынауданы суық судан уақытша ажыратылады pixabay

Алматыда бірқатар шағынаудан суық судан уақытша ажыратылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Алматы су» МКК-ға сілтеме жасап.

11 шілдеде сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін Әуезов ауданында Жетысу-2 шағынауданында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға суық су беру тоқтатылады. 

11 шілдеде сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін Бостандық ауданында Қожанов-Байқадамов-Гагарин-Тәжібаев көше шаршысында сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады.

12 шілде сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін Наурызбай ауданында Күлтөбе-Бердібай Мұзбалақ-Асқаров көшелері шаршысында орналасқан тұтынушыларға су беру уақытша тоқтатылады.

13 шілдеде сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін Әуезов ауданындағы Төле би- Саин-Үлкен Алматы өзені (Сайран көлі)-Жұбанов  көшелері шаршысындағы тұрғын үй және әкімшілік ғимараттарға су беру тоқтатылады.

13 шілдеде сағат 9:00-ден 18: 00-ге дейін суық сумен жабдықтау Жетісу ауданы Көкжиек шағынауданында уақытша су болмайды.

Аталған қалалық секторлардағы тұтынушылардың суық судан уақытша ажыратылуы сумен жабдықтау желілері мен нысандарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын орындаумен байланысты.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Анықтама телефоны: +7 727 274 66 66.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир