|
13.05.2021 | 20:13
7009

Жасанды интеллект жол бермейді: Б. Сағынтаев Қазандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді

Алматыда жаңа оқу жылының басталуына дейін білім нысандарындағы қауіпсіздік күшейтіледі

Жасанды интеллект жол бермейді: Б. Сағынтаев Қазандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді

Алматыда жаңа оқу жылының басталуына дейін білім нысандарындағы қауіпсіздік күшейтіледі. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Қазан қаласында болған қайғылы оқиғадан кейін осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Айтуынша, мұндай ауқымды жұмыс тек мектептерде ғана емес, балабақша мен интернаттарда да жүргізілетін болады. Білім нысандарындағы күзет қызметінің күйшетілуі, бейнебақылау камераларының санын арттыру сынды шаралар қолданылмақ. Мегаполис басшысының сөзінше бұған дейін қаладағы камералар дәстүрлі жүйеде жұмыс істеп келсе, енді оның барлығы цифрландырылып жатыр. Интелектуалды бейнебақылау камераларының ерекшелігі - нысан жанына қандай да бір күдікті азамат жақындаса, құрылғы дабыл қағып, бірден орталықтағы мамандарға хабар келіп түседі.

«Қазанда кетіп бара жатқанын қарумен көрсе де, мән бермеген дейді. Ол орысша айтқанда «человеческий фактор». Адам деген бір жаққа қарай бұрылып қалды. Анау өтіп кетті. Алдында көптеген экран тұр. Біреуін қарап отырғанда біреуін байқамай қалды. Ал, жасанды интеллект ондайды жібермейді. Ол бірден көреді де сигнал береді. Дабыл қағады. Сол төңіректе жүрген полицияға бірден хабар жеткізеді. Диспетчерде отырған адам да көреді. Ол назардан тыс қалмайды», – деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Еске салайық, 11 мамырда  Қазан қаласында 19 жасар жігіт тапа-тал түсте мектеп оқушыларына аяусыз оқ жаудырған. Қайғылы оқиға салдарынан 9 адам көз жұмып, 23 адам жарақат алды. Оның 20-сы оқушылар.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Автор

автор Адель Мұхатаева
Адель Мұхатаева
редактор
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир