Алматы әкімі Б.Сағынтаев қаланың сауда орталықтары және базарларының өкілдерімен қатаңдатылған карантин шаралары жөнінде кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Онлайн форматта өткен кездесуге «Атамекен» ҰКП-ның өкілдері, қаланың мемлекеттік бас санитарлық дәрігері, СЭБД-нің басшысы Ж. Бекшин қатысты.
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев 10 наурыздан бастап күрделене түскен эпидемиологиялық ахуалды еске салды. Эпидемия басталғалы бері коронавирус инфекциясының 33 012 жағдайы тіркелді (халықтың 100 мыңына шаққандағы көрсеткіш 1622,4 құрайды). Соңғы 7 күнде ауруға шалдығу коэффициенті 146,2 құрады, репродуктивті саны R - 1,082.
Қазіргі кезде инфекцияның таралу қарқыны өте жоғары, бұл мутацияланған КВИ штамдарының тез жұғатынын көрсетуде. Мегаполис әкімі енгізілген шектеу шараларының инфекциялар тізбегін үзуге және адамдар көп жиналатын жерлерде вирустың таралуын болдырмауға бағытталғанын атап өтті.
СЭБД-нің деректері бойынша, азаматтар ауруды өз отбасыларында жұқтырды екен, мұндағы науқастар 28,6%-дан 34,2% -ға дейін өсті. Сауда нысандарында жұқтырған адамдардың үлесі 23,7%-дан 20,5%-ға дейін төмендеген, демалыс күндері сауда-ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің, базарлардың қызметін тоқтату оң нәтижесін беруде. Дегенмен, бұл көрсеткіш қала тұрғындарының үй жанындағы дүкендер мен азық-түлік желілеріне баруына қатысты жоғары күйінде қала береді.
Кездесуге қатысушылар шектеу шаралары кезінде жұмыссыз қалған базар қызметкерлерінің саны туралы ақпаратпен бөлісті. Сауда орталықтары мен сауда үйлерінің өкілдері қолдау шараларына және қатаң карантиндік шаралар шарттарын қолдана отырып, жұмысты қайта жандандыруға қатысты сұрақтар қойды.