Алматыда санитарлық-эпидемиялық шаралардың сақталуын бақылау бойынша мониторингтік топтардың жұмысы жалғасуда. Осы жылдың 13 қарашасында құрамына аудандық әкімдік, жергілікті полиция қызметкерлері, «Атамекен» ҰКП өкілдері енген мониторингтік топтар карантин шараларының сақталуы бойынша 28 нысанда тексеру жүргізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тексеру қорытындысы бойынша 10 нысаннан заңбұзушылық анықталды.
Алмалы ауданында заң бұзушылық анықталған нысандар:
- «Мега донер» дәмханасы, Сейфуллин даңғылы, 467 Б – сағат 22:00-ден кейін жұмыс режиімінің бұзылуы;
- Абылай хан даңғылы, 27 бойындағы бургерхана – сағат 22:00-ден кейін жұмыс режимінің бұзылуы;
- Сейфуллин даңғылы, 404 мекенжайындағы Tennisi.kz букмекерлік кеңсесі – қызметін заңсыз жүргізген;
- «Do Re Mi» караокесі, Мұқсанов көшесі, 130 – қызметін заңсыз жүзеге асыру.
Әуезов ауданында бір нысан анықталды:
- Мамыр-4,5 А ш.а. «Тамыр» дәмханасы – сағат 22.00-ден кейін жұмыс режимінің бұзылуы.
Бостандық ауданында үш нысанды анықтады:
- Розыбакиев көшесі, 247А мекенжайы бойынша «Мега Алма-Ата» СОО – фудкорт пен батуттар қызмет еткен;
- АДК СОО, Сәтпаев көшесі, 90 – фудкорт қызмет еткен;
- Розыбакиев көшесі, 136/1 мекенжайындағы «Red Dragon» тез тамақтану орны – сағат 22.00-ден кейін жұмыс режимінің бұзылуы;
- Розыбакиев көшесі, 136/1 мекенжайындағы Шаверма street food - сағат 22.00-ден кейін жұмыс режимінің бұзылуы;
- Абай даңғылы, 76 мекенжайындағы Barakat burger - сағат 22.00-ден кейін жұмыс режимінің бұзылуы.
Анықталған заң бұзушылықтар бойынша заңды тұлғаларға қатысты ҚР ӘҚБтК 425-бабының 1-бөлімі бойынша шаралар қабылданды.
Шектеу шаралары мен санитарлық ережелердің жүйелі және қасақана бұзылуы анықталса, материалдар Әкімшіліқ құқықбұзушылық туралы Кодекстің 462-бабының 3-бөлімі бойынша құқықбұзушыларды жауапқа тартуға және іс қозғауға сотқа беру үшін аумақтық прокурорларға берілетінін еске саламыз.