Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы №56 қаулысына сәйкес, Наурызбай ауданында алдағы демалыс күндері сауда үйлерінің, сән салондарының, шаштараздардың, қоғамдық моншаларадың, сауналардың және фитнес орталықтардың жұмысы тоқтатылады. Қоғамдық көлікте өз жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Наурызбай ауданы аумағында 2 сауда үйі (Эйкос, Гломарт), 6 фитнес орталық (Hardway, Taufit және т.б.),4 бассейн (Gold Coast, Y-Fit және т.б.), 36 монша мен сауна, 43 сән салоны мен шашатраздар орналасқан.
22-23 тамыз күндері жоғарыда аталған нысандар жұмыс істемейді. Қызметін тоқтатқан барлық нысандарда санитарлық-профилактикалық және эпидемияға қарсы санитарлық шаралар жүргізіледі.
Наурызбай ауданының полиция қызметкерлерімен халық көп жиналатын орындарда енгізілген шектеулердің сақталуы бойынша патрульдеу күшейтіледі.
Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері аудан тұрғындарын жағдайға түсіністікпен қарап, әсіресе қоғамдық орындарда сақтық шараларын, санитарлық талаптарды сақтауға шақырды.