«Алматы» телеарнасының Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирінде Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқарма басшысы Евгений Пак тұрғындар сауалына жауап бере отырып, қалада қашан және қандай нысандарға алдымен жылу берілетінін айтты.
«Жылыту маусымы басталғанда әдетте, ең алдымен, әлеуметтік нысандарға, оның ішінде, мектептер мен мектепке дейінгі оқыту нысандарына, білім беру орындарына жылу қосылады. Содан соң көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беріледі. Содан соң өзге нысандардың бәріне беріледі.
«Нормативті мерзім бойынша қалада жылу 15 қазанда беріледі. Алайда егер ауаның орташа тәуліктік температурасы 5 күн қатарынан +8 градус және одан төмен болса, 15 қазанды күтпейміз. Күн күрт суып кеткен жағдайда бірден жылу қосатын боламыз. Қала жылыту маусымына 100% дайын деп айтуға болады», – деп жауап берді Евгений Пак.
Бағдарламаның тікелей эфирін Almaty.tv сайтынан және «Алматы» телеарнасының Facebook-парақшасынан көре аласыздар.